Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Мен өзіңнен басқа жанға сенбегем
Мен өзіңнен басқа жанға сенбегем,
Үміт оты көкірегімде сөнбеген.
Не болса да қасыңдамын мен сенің,
Мен туралы сұрамашы өзгеден.

Нөсерлетіп жаңбыр жаусын елірген,
Боран соқсын алас ұрып есірген.
Тек өзіңнен естісем деп сырыңды,
Сен туралы сұрамаймын өзгеден!

Ғашық болып, өміріңде көрмесең,
Ғашықтықтың отына жан,сөнбе сен.
Ғашығыңа мәңгілікке сене біл, 
Ол туралы сұрамаңдар өзгеден!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1010 | Рейтинг: 0.0/0