Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Жаным Сабина
Танысқанмын сол арумен жаздың ғажап кешінде ,
Қалай ғана ұмытайын мұның бәрі есімде !? 
Бір өзіңді көрген кезде тұра алмадым орнымда ,
Ғашық болып қалғанымды айта алмадым өзіңе .

Міне жаным мойындаймын сол кезімнен ғашықпын , 
Құлыпта тұрған жүрегіңнің кілтін тауып ашыппын . 
Бір өзіңе арнаймын деп сан мыңдаған сөздерді , 
Жүрегімнің түбіндегі сөздерімді қазыппын . 

Сұлу жүзің , қара көзің көз алдымнан кетпейді ,
Сендей сұлу арулар бола берсін көп мейлі . 
Қанша мейлі көп болсын , қанша мейлі сұлу боп , 
Бірақ жаным айтатыным саған ешкім жетпейді . 

Аллам саған сыйлағандай бар сұлулық аямай , 
Мінезіді де беріпті ғой сызылтқызып саялай .
Тіпті , жаным жүрегіңнен шыққан сенің даусыңа ,
Ойланамын , бұлбұл құста кетер-ау деп сайрамай . 

Сұлулығын жүрегімді жіпсіз барып байлады , 
Сені жаным жүрегім «патшайым»қып сайлады .
Сезімдері өшіп-өлген жүректегі сезімдер , 
Бір өзіңді көрген кезде оттай тулап қайнады .

Байқамадым саған қарай сезімдерім ұшарын ,
Қалай ғана ашты екен жүрегің кең құшағын !?
Мейлі жаным қайда бол сен , мейлі болшы алыста , 
Бүл өмірде сені жаным мәңгілікке тосамын !

Еш қашықтық әсер етпес жүректегі сезімге , 
Сүйсен жаным күтесін сен , сен осыны сездің бе !?
Мен алыспын білем жаным , жүрек бірақ жап - жақын , 
Мен де күтем , жүрек күтед , күтед жаным сезімде .

Махаббаттан бас айналып міне қазір мен жүрмін , 
Сен - ай болсан жаным менің қасындағы мен - күнмін .
Дала болсан сен дағы кең даламда жайқалған , 
Онда жаным сол далада өсіп түрған мен - гүлмін .

Сен – жүлдызсың , мен – аспанмын көгімде сен қаптаған , 
Сені ойласам бір өзіңді ойға батып ойланам . 
Бір өзіңмен бүл өмірде бірге болып мен жатсам , 
Одан басқа , одан асқан бұл өмірде жоқ арман ! 

Бұл өмірде уәде берем сені мәңгі сүйемін , 
Бір сен үшін тіпті барып , сол отыңа күйемін .
Жалықпаймын осы сөзді айтудан мен ешқашан , 
Сүйем сені еркетайым , сүйем сені , сүйемін !

Мен өзіңе адал болам оған да мен сөз берем , 
Қанша мейлі қиыншылық болсын бәрін мен жеңем .
Бұл өмірде қол ұстасып біздер мәңгі болармыз , 
Осы сөздер жүрегімнен шықпаған ғой бекерден !!! 

Мен өзіңді іздеген ем сол махаббат аралдан , 
Жүрегімде болған еді сол аралда қамалған .
Саған ғана ғашық болып , тек өзіңді шын сүйіп , 
Міне жаным сондықтан да жүрек шықты қамаудан . 

Бақыттымын мойындаймын сендей жанды сүйгенге , 
Сені өзгеден қызғанып ішім менің күйгенге .
Мен бақытты бұл өмірде міне көздерім жетті , 
Жетті көзім жүрегіме сезімдерде уйгенде !

Жаным Сабина , сені бұл өмірде мәңгіге сүйіп отемін ! Оған уәде беремін !
 
Самат Ботаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1054 | Рейтинг: 0.0/0