Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Бірге болайық, Жарығым?
Бірге болайық болашақта жаным, айым, Жарығым,
Келмейді сенен мәңгіге, не уақытша айырылғым.
Не болсада сенімен ескегімді есермін,
Тоқтамаса сезім атты шайқалмайтын қайығым.
Көзқарасымды білесін ғой өзіңе деген,
Қайырып тастадым сен үшін шабытты жүздеген.
Келші айым, жауабыңды берші маған,
Жаны бар жауабыңды бұрынсонды өлмеген.
Бірге болайық жаным, атырып жаңа таңды,
Біз үшін бәрі жарық, болмайды қараңғы.
Жан дүниеңе сатырлап қан барғандай,
Жол бастап берейін, бақыт деген жолыңды.
Менімен болсаң жаным, күндерің тәтті болады,
Жүздеріңе жыбырлап арқашан күлкі барады.
Сен сияқты Аллахтың жаратқан сұлу мүсіні,
Мен білемін өмірде саусақпен санақ саналы.
Соның бірі жанымда, бақытты екенмін мен,
Бірақ мен жүрмін ғой, жауабыңды күтумен.
Жауабың сенің, мен үшін жаман болып қалса,
Қайтейін айым, бақытыңды табарсын өзгеден.
Бірақ мен ешқашан үмітімді үзбеймін,
Жүрегімді шегедей ойымменен теспеймін.
Қаһарлы қасқыр апанынан ортып шыққандай,
Адамдар мылтықпен атса да, ешқашанда өлмейтін.
Күндерім сенімен болуды, армандап келемін жаным,
*Ия* десең болды маған, іргетасты қалағаның.
Әрі қарай бақалшақ таспен қалап болып,
Мен үшін өмірде, осыдан басқа жоқ арманым.
Бірге болайық жаным, мына қиындық өмірде,
Дақ түсірмей, сабрлы темірдей жүрегімізге.
Сенімен болғым келеді, қалай мен жасырам,
Бақытты боламын тек, егер табылсам қасыңнан.


Жалғызбын деп ойлама, екеуміз бірге боламыз,
Қиындықтың ащы дәмін екеуміз бірге татамыз.
Ешқашанда сені қиындықта тастамаймын,
Өйткені, мәңгілікке тек қана өзім қалаймын.
Сен мені қолжетпейтін армандарға жетеледің,
Сен болмасаң жаным, мен кім болып кетер едім.
Жұлдыздарда кетіп барады бір бірімен жұптасып,
Екеуміз жүрейікші мәңгіге қол ұстасып.
Бірге болсақ айым, шаттықтың күнін тартамыз,
Неке сарайына, қол ұстап бірге барамыз.
Көзбен көз жарық астында серт беріп,
Ешқашанда шірімейтін сақинамызды тағамыз.
Әрине, әрі қарай тойымызда болады,
Туыс, достарымыз бастарын бізге ауады.
Кезек кезек бәрі, рет ретімен шығып,
Жүректегі наз тосттарын бізге қарай жауады.
«Бақытты болыңдар» деп әрбір адам бастайды,
Әрі қарай жарты адам өз сөзімен қостайды.
«Үй ішінде ұрыс болмасын, ақжол болсын» деген тілекпен,
Аяқ астымызға қарай, ыдыс аяқ тастайды.
«Ата-ананың қадірін, балалы болғасын білерсін»дегендей,
Бала-шаға бола жатар, Каспийдің тұнық жүзіндей.
Әр баланың өмірі, жеке басының ісі,
Екеумізде болармыз, қорған атты көзіндей.
Әрине жылайды бала, өз анасын іздеп,
Сен келесін, бір бөлмеден асығып күлімдеп.
Анасын көрсе болды, бала жылағанын қойып,
Бала шаттанады, уыздағы сүтке тойып.
Бесік тербетіп отырар, менің не сенің анаң,
Оғанда айтар ертең «немерем келші маған».
Солар үшін арқашан дайын болатын,
Аталары шақырар «тәй тәй» деп алдынан.


Салиқалы жарым болып, ерім дем сыйласаң мені,
Ерің мәңгілікке, бақытпенен сені тербетеді.
Сенің мейрамың жарқырап келе берсе күнде,
Ерің сен үшін, жайқалған гүл береді.
Бақыт деген, үй ішіндегі баланың қуанышы,
Жаның ашу деген, баланың жылаған жасы.
Бала ешқашан жалғыздықты сезінбейді,
Болса қасында, сүйетін ата анасы.
Қандай әке боламын, бірақ маған белгісіз,
Сендер үшін еңбек етем, әрқашан тынымсыз.
Әке болармын мүмкін, өз ақылын судай құйған,
Сендер үшін бәрін жасаймын, адал кіршіксіз.
Сен ана боласын, ұл қызыңа жұмсақтай ,
Алдына дайындап беріп, әрқашан нан мен май.
Жаурап қалса егерде, суыққада шыдамай,
Жылуымызды береміз, жылы көрпе құрақтай.
Ұлым болар мен үшін,өмірімнің жалғасы,
Қызым болар мен үшін, өмірімнің қуанышы.
Әке анасы сағынса өзінің ұл қыздарын,
Ұл қыздары болар, өмірінің сұранысы.
Арамызда түсінік болса, отбасы берік болады,
Қуаныш ұшып келіп, береке нұрға толады.
Бір бірімізге мәңгіге адал ниет танытсақ,
Махаббатымыз шексіз 1000 жылға дейін соғады.
Сенімен болсам жарығым, бола жатар бәрі де,
Манағы тойда, құдалық және тойбесікте.
Сенімен мәңгі мәңгі болғым келеді,
Мына жалған 5 күндік шексіз өмірде.
Өмір шіркін өзгеріп, осындай болса екен,
Армандаған ойларым, шындыққа да тербеткен.
Осы айтқаным АЛЛАХ қабыл етсін,
Жарығым мен мені, сол күнге жеткізе берсін.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1273 | Рейтинг: 0.0/0