Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

"Сүйем!" дейді сымбатыңа сұғынып
"Сүйем!" дейді сымбатыңа сұғынып,
Жан дүниеңе қарамайды үңіліп,
Берген уәде кімге аманат?
Ұқпадым...
Өтірікке кеткенбіз бе құнығып?


"Суйем!"дейді ойламастан ақырын,
Сұлу көріп көзі қызған батырым.
Қаңбақ болған сезімдерді көрдім де,
Сұлу сөзге сенуден мен жасыдым.


"Сүйем!"дейді көлігіне қызығып,
Әсем жүзді қалқатайлар сызылып.
Қарапайым жігітпенен жарасса,
Қалатындай сезім жібі үзіліп.


Жүрек жалғыз,ауыртпалық түсірме,
Ұлы сезім алдында сен кішірме,
Аманат ет сүйген жанға сезімді
Хабарыңды қабағыңнан түсінген.
 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1042 | Рейтинг: 3.0/2