Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Ғаламат екен ғой бұл сезім деген
Ғаламат екен ғой бұл сезім деген
Мен бұны бұрын қалай сезінбегем
Сезіндім махаббаттың құдіретін 
Озіңе ғашық болған кезімде мен

Сезімім жүрегімде тасып бүгін 
Көңілім бір көруге асықты мың
Шыдатпай бара жатыр өртеп мені
Лапылдап саған деген ғашықтығым

Өмір ме махаббат па ойландырған
Махаббат болар мені толғандырған
Өмірдің мәні менен сәні жоқтай
Махаббат болмаса егер толғандырған


Кейбіреудің сезімдері өшіп қап 
Кейбір жандар махаббатқа құштар-ақ
Ал біреулер өзге жанның жүзінен
Сезім деген бір тылсымды іздейді-ақ

Сезімдер де бір күндік болмайды екен
Шын махаббат біреуге қонбайды екен
Махабатты мәңгілік деп ойламаппын
Махаббат бар,ал сезімдер тұрақты болмайды екен.

Шын махаббат кеткен шақта азайып 
Махаббатты ардақтайық жазайық
Жан-тәнімен ғашық бола білгендер
Шын аялап, шын сүюге лайық!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1066 | Рейтинг: 0.0/0