Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Ғашық жүрек әні бар
Досым деп жүріп, ұнаттым сені,
Айтшы сен маған, не істермін енді?
Жүрекке әмір жүрмейді,
Мен оны да білемін.
Өзің деп соққан жүрекке
Не істермін, жаным, не істермін?
Ғашық жүрек жылайды
Бір өзіңді ойлаумен
Көзден жасым парлайды
Тек өзіңе қараумен
Парлағаннан не пайда?
Одан келер түк те жоқ
Жас жанымның қиналғанын
Түсінетін түрің жоқ!
Ештеңені сезбейтін, 
Ештеңені көрмейтін.
Ештеңемен ісі жоқ
Көрсоқыр емес шығарсың?
Көрсоқыр егер болмасаң,
Көздерімде жазылған 
Сүйемін деген бір сөзді
Жаным, бір күні ұғарсың!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1722 | Рейтинг: 2.0/1