Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 02.05.2024

Өзімнен көрем!
Жалғыздық теңі тек тәңірдің деген,
Сыңарсыз ғұмыр бақытсыз неткен? 
Жабықты жаным өзіңсіз мына,
Өмірдің сүрлеу жолынан бөтен.

Барамын тоңып, қалтырап денем, 
Өзіңсіз қалай мұңымды жеңем. 
Бір ауыз сөзің тәуекел мұңлық,
Соқырға сот жоқ, соңыннан ерем.

Әлемнің қызық, асылын бағын,
Сыйы жоқ сұраусыз өзіңе берем.
Көнбесең жаным артпаймын кінә,
Жауапсыз сүйген өзімнен көрем.
Талшыным...
 
Бауыржан Тлепбергенов
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 2084 | Рейтинг: 3.5/2