Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 03.05.2024

Тағдыр
Тағдыр... пендені сынайды кеп, сынуға руқсат жоқ бірақ,
Кеудеде ыза, көкейде толған мың сұрақ.
Жанарым мөлт етіп қиналып кетті тағы да,
Журегім тағы жабырқаулы куйде тұр жылап.
Сен бе едің, жаныма жылулық тогетін?
От болып лапылдап, жоқ болып сөнетін... Махаббат?! 
Сезімге бой ұрып, тағдырға көнетін.
Сен бе едің, озекті өртетіп, жүректі сөгетін?!
Мен саған өкпелімін,
Сен өте қатігезсің!
Өмірдің бейжайсыз өтпелінің - 
Қайғы мен мұңы сенсің!
Әуелі беймезгіл қуантасың,
Сосын шарасыздан, қызғаныштан жылатасың!
Қол жетсе жұлдызға, тағы да қуантасың,
Қанағат дегенді ұқтырмай, жүректі тонатасың!
Қайтесің сараңсып, дейсің де "сен оны ұнатасың",
Көндіресің...
Сосын тағы да балшыққа былш етіп құлатасың!
Мен кейде сені түсінбеймін.
Сезінем айналады бақыттан кейде басым.
Кейбіреулер күлсін мейлі...
Содан сон оралады көзге жасым,
Сен бақытпысың жоқ алде сормысың?
Соншалық ұлы болсаң, берсеңші қол ұшын.
Сүйю де еңбек пен талант қой,
Құрғанда бір жеңілдік берсеңші сол үшін!
 
Алмагүл Абдолла
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 2624 | Рейтинг: 2.3/3