Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 03.05.2024

Махаббат нұры
Тәтті сезім жүрегіме шоқ салған,
Қаруы ма дерсің сезім оқталған.
О, махаббат, құдіретті күш неткен
Буып байлап, көңілімде сақталған.

Шырмауында қалып сезім тұзақтың,
Бірі қалмас жүрегіңде сызаттың.
Қол ұстасып ғашығыңмен өткізген
Жұлдыз толы айлы аспан, ұзақ түн.

Ыстық арман, алыс ұшпа, бері кел,
Безбүйректі өмір өзі кемітер.
Құдіреті махаббаттың соншалық
Мұз боп қалған жүректі де ерітер.

Арман қиял құшағында ертеңі,
Өмірлері қос ғашықтың ертегі.
Ағашында махаббаттың отырып,
Бір-біріне бергені ант, серт еді.

Қорқақты да бұл махаббат ерлеткен,
Оттан ыстық, балдан тәтті ең сен неткен?!
Қайталанбас ғажап сезім, әлде сен
Сау жүрекке жалын салар жендет пе ең?!

Ғашық болсаң, сен бір соқыр жандайсың,
Сүйгеніңнен басқаны көре алмайсың.
Күйіп жанып алауында сезімнің,
Қанат бітіп, көк аспанда самғайсың.

Жұпар шашқан гүл махаббат, тақалып
Хат берісіп, сағынышпен хат алып.
Шын махаббат – өмір мәні, ән жыры,
Қуантады ақ бұлттарға апарып.

О, махаббат, ессіз етер адамды,
Махаббатсыз өмір қапас қараңғы.
Киелісің, құдірет-ау таңқалар,
Ғалым қылып жібересің наданды

Бұл өмірді жырға толы, әнді қып,
Түсінейік көссіз ғашық жанды ұғып.
Ғашық болу қиын, бірақ, достарым,
Бір-біріңді сүйіңдерші мәңгілік!
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 2828 | Рейтинг: 2.0/1