Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 03.05.2024

Сұлу қыз
Бір ару бар жүрегімді жаулаған,
Сезім нұры көңілімде қаулаған.
Сені ойласам, көктегі күн күлімдеп,
Мейірлене қарайтындай тау маған.

Жүрегімді алғандайсың еншілеп,
Сені айтар ем сырқат болсам емші деп.
Періште қыз ойнақшытқан көңілде,
Сені сүйем, бұл сөзіме сенші тек.

Ыстық сезім, тәтті сезім неткен бұл,
Тақта отырған патшаны да еткен құл.
Сенсің менің жүрегімнің иесі,
Сенсің, еркем, мен әлемге еккен гүл.

Сая сыйлап өмірімнің жазына,
Қала бердің ақ параққа жазыла.
Бар ғаламды шарлап шығып, шарқ ұрып
Сенсің, жаным, мен іздеген қазына.

Махаббаттың таппасам да айласын,
Белгілі ғой басқа жолға таймасым.
Қосыла ма жұдырықтай қос жүрек,
Қосыла ма, айтшы, еркем, қайдасың?
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 2965 | Рейтинг: 2.3/3