Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 02.05.2024

Көркем едің
Көркем едің, сен неткен көркем едің,
Жалын салып жүректі өртегенің.
Күн нұрынан жаралған ару бикеш,
Маған қарап күлімдеп, еркеледің.

Шаттық толы сен барда өмір деген,
Сені ойласам қуанам, көңілденем.
Махаббаттың тәп-тәтті уын ішіп,
Жабырқасын, қорықсын көңіл неден?!
***
Көңілімді сен бар кезде емдеген,
Көкіректі бар қуаныш кернеген.
Әлемдегі ең сұлу қыз кім десе,
Ойланбастан, жаным, гүлім, сен дер ем.

Еріп кетем түссең болды көзіме,
Көңілдегі, сәулем, сенші сөзіме.
Көркіңменен жаулап алған жүректі
Қинай бермей, қайтар, еркем, өзіме.
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 2751 | Рейтинг: 1.0/1