Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 17.05.2024

Қастек БАЯНБАЕВ - Күдік
Мына бастар түйіскен
Болып отыр бір іспен.
Ұлдың басы қауғадай,
Қыздың басы алмадай.
Келте ғана кекілді
Қанат қаңқа секілді,
Тоқаш дерсің кәдімгі
Домаланған Айгүлді.

Ұлдың басы салмақты
Тисе керек сәл қатты,
Отырған қыз саз илеп,
Айтты ақырын әзілдеп:
– Тартқансың ба текеге,
Сүзгілейсің шекеме.
– Басың тиіп кетті деп,
Жыларсың жер тепкілеп.
– Білеміз ғой ұлдарды,
Бір жылатпай тынбайды.
– Ал қыздармен ойнасаң,
Дау шығады әрқашан.
– Ендеше сен ойнама,
Жалынбаспын сонда да.
– Сен домалақ шардайсың.
Жөндеп ойнай алмайсың!
– Кішкентаймын мен әлі,
Арықтауға болады.
– Шыға келем бұралып
деп ойлама қуанып.
– Ендеше, 
Сен шидейсің!
Қамыр илей білмейсің!
– Таксист болған кезімде
Жалынарсың өзің де.
– Бойжеткенде,
Кейін мен
Билемеймін сенімен!..

Өстіп,
Айгүл салды айғай,
Жақтан тартып қалғандай.
Аузы қатты бұртиып,
Қалды дереу ұл тынып.
Шырмап алған дәу басты
Күдік еді алғашқы.
Тұрса Айгүл шын айтып,
Жалғыз билер
Бұл қайтіп?
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (18.10.2013)
Просмотров: 1512 | Рейтинг: 0.0/0