Стихи про новый год на казахском языке
О, жарандар, қараңдар Естімеген естіңіздер, Көрмегендер көріңіздер Тыңдамағандар тыңдаңыздар Қызықтаңдар, сайрандаңдар, Келді, міне , сағындырып далама Келді, міне, Жаңа жыл аппақ болып Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып Кәне, кәне келіңіздер Бір би салып беріңіздер! Маскарадым басталды, Би билеңдер, ән салып Мейрамдаңдар , сайрандаңдар Жаңа жылды қарсы алып *** Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр, Жаңа үмітпен, жақсылықпен еніп келіп тұр! ойындағы бар мейірім, қуанышын Балдырғандар, өздеріңе беріп тұр! Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр, Намыс, жігер, бақыт гүлін ашып тұр. Адамзаттың армандары асқақтап, Тебіреніп от сезімі тасып тұр. Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз. Бабалардың аманатын ақтаймыз. Қазақстан мәртебесін көтеріп, Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз. Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр, Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр. Құт болып, береке бер халқымызға Мерейін , мәртебесін биікке асыр. *** Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме, Құт –береке боп келгейсің еліме! Үміт артып армандарға аяулы, Шаттығыңа бөлегейсің мені де. *** Ей, Жаңа Жыл! Жаңа бақыт, ырысым, Жақсылықтың жаршысы да нұрысың. Адамдардың асқақтаған арманы, Ақындардың таусылмайтын жырысың. Қуанышпен келді той боп Жаңа Жыл Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым ! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! *** Армысың, аманбысың Жаңа жылың. Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым! Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып, Ақтарайық әнменен көңіл сырын. Хор: Қош елдің, Жаңа жылым қазағыма (Жаңа жыл туралы ән айтылып балалар орындарына отырады.Музыка ырғағымен ойланып залға Хан кіреді. Шыршаның алдындағы көрпешеге жайғасып алып) Хан: -Уәзір, Уәзір, Бүлдірген! Қайдасың ?! Жеті қат жер астына түсіп кетті ме ?! *** Уақыт деген жүйрікпін: Тоқтамастан құйғыттым. Жаңа жылға жақынмын, Жарандар той, сый күтсін! Уа,адамдар,аман ба? Көз салыңдар маған да Пайдаланып қалыңдар: Мен қымбатпын әманда! Тірліктіге-бақытпын, Бірлікшілге-шаттықпын! Еселенген өмірді Есептеген уақытпын! *** Алло,Алло!Жаңа жыл! Саған дайын жаңа жыр! Уақытың-көңілді: Жалғастырам өмірді! Ау,Жаңа жыл,жарқыным! Мен өзіңе жақынмын. Бар адамға қуаныш Алып келе жатырмын! ****** Кел, Жаңа жыл, жеттің бе тағы айналып Дастарханды отырмыз саған жайып Сені күтті жыл бойы жақсы үмітпен Талай ұлыс, талай ел, талай халық Келген сайын көңілді өсіресің Ұлы болсын бастаған осы көшің Төгіп-шашпай тасытып кетсең екен Қазақ деген халықтық несібесін! **** - Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым, Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін Қарсы алдық, сені еселі еңбекпенен Жарқырап, әне алдымнан шықты күнім Мен саған әнім менен гүл өрейін Осы сәт кімге бақыт тілеймін. Халқымның амандығы саулығы үшін Көңілді бір көтеріп жіберейін. | |
Просмотров: 9116 | |