Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Неге?!
Таусылмайтын сұрақтар неге деген?!
Неге кетем өмірден, неге келем?!
Неге сенбей біреудің айтқанына,
Ал екінші біреуге неге сенем?!
Неге сені сүйемін, сағынамын?!
Неге бүгін жанымда тағы да мұң?!
Неге сені ойлаған әрбір сәтте,
Көңілімді мұң торлап жабығамын?!
Неге жаным сені іздеп сабылады?!
Неге тек сен ғанасың бағынары?!
Мейлі, ол жан түсінсін, түсінбесін,
Жүрегім тек сол жанды сағынады!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 811 | Рейтинг: 0.0/0