Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Кетіп барам ауылға мен асығып
Кетіп барам ауылға мен асығып,
Қиындық пен сағынышқа бас ұрып.
Ал сен болсаң қаларсың сен  артымда,
Маған деген қимастықты жасырып.
Екеуміздің арадағы жағдайды,
Тұр емес пе қос жанарлы жас ұғып?

Мен не дермін тағдырыма налыған,
Пендемін ғой иеме тек бағынам.
Өмір сүрген осын-ау  бір жылдарда ,
Өзің едің жақыннан сен таныған.
Жүрегімді жаулаған сол өзінді,
Алыста мен  ауылда жүріп сағынам.

Жансыз ғана суретіңе  қараймын.
Ең  болмаса досың болып қалайын.
Сырласар кез келген кезде менімен,
Досың  болып жаныңа мен   барайын.
(Ұстағаан  сол қолдарыңмен  сипалап,
Мөлдір  қара  шаштарымды тарайын)
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 823 | Рейтинг: 0.0/0