Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Сені көрген сәтте!
Сездіме білмедім жүрегім,
Көшеде жолықтық кездейсоқ.
Дүрсілдеп қобалжып жүрегім,
Бірінші кездескен кездей боп.

Абыржып сасқақтап алдыңда,
Ол бәрі жүзімде тұрды анық.
Батылдық қылдымда алдыңда,
Жүзіңе қарадым ұрланып.

Сен келдің жаныма баяулап,
Шашың тұрды жүзіңе жарасып.
Күн шуақ жузіңді саялап,
Күлкіңе тұрды олар таласып.

Әдемі ажарың келбетті,
Жаныма жарық нұр ол шашып.
Сезімнің бір күйін тербетті,
Өзіңе мендік жан тым ғашық.

Әлемде жалғызсың мен үшін,
Жаралған жансың-ау сен маған.
Қыз Жібек, Қорланым өзіңсің,
Төлеген Естайың мен болам.

Тал бойың тұнған бір тылсым күш,
Санамды елітіп ап кетер.
Кел жаным бақыттың балын іш,
Қайғы-мұң күдікті сиілтер.

Сөздерің әр бірі бал сынды,
Жинап ап санама сақтаймын.
Әлемде тек біреу сен сынды,
Сененде артығын таппаймын.

Ақылың,парасат, талғамың,
Жаныңнан ол сенің табылар.
Өзіңсің асау бір шабытым,
Жырларым өзңе арналар.

СЕНІ ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМ АЙТОТЫ!!!!!!!!!!!!
 
Torebek 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 808 | Рейтинг: 0.0/0