Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 06.04.2026

Сыйлама маған.
Бұлақтың кәусәр тұнығы мекен көздерің?
Шәрбәттің шекер шырыны мекен сөздерің?
Мендегі жүрек қиналсын,мейлі жабықсын.
Сен оны білме,байқама жаным көрмегін.

Аспан төріне орнаған жарық күнбе едің?
Жайқалып өскен әлде сен нәзік гүлме едің?
Сағынып сені сарғайған менің жаныма.
Аударма назар, бір сәтке көңіл бөлмегін.

Тау басындағы қармедің әлде мұзбе едің?
Жадырап күлген жазбе едің әлде күзбе едің?
Жүрегімде сен ,ойымда да сен асылым.
Көрмей-ақ қой бірақ,сезімді селдей сезбегін.

Жанымды менің жұбаттың, қайта жылаттың.
Сағымды менің тұрғыздың, қайта құлаттың.
Еліктей еркем теңіме балап өзіңді.
Құлай сүйіп шын жүректен мен ұнаттым.

Періштем едің, хор қызым едің, үрмедің?
Кеудеме менің жазылған әсем жырме едің?
Қар болып қатып, мұз болып тоңып қалсамда.
Сыйлама маған жаныңның жылы бір лебін!
 
Жансейіт Дәулетов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 857 | Рейтинг: 0.0/0