Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 06.04.2026

АЙЫППҰЛ КӨЗ ЖАСЫМА
Сол бір көктем,сонау кез,
Өтіп кеткен қалай тез
Көз алдымда бала кез,
Еркелеген қара көз...

Жүрген кезде қарамай,
Жас жүректі жаралай,
Сен ақыры сөйлеткен,
Сол түн кеште қалады ай...

Сөйтіп ғашық қосылдық,
Құшақ сүйіп басылдық,
Бірнеше ай өткенде,
Екеуара шашылдық...

Келіспедік сөзге бір,
Болды сонда сезім кір.
Бірақ сенің елесің,
Жүрегімде әлі жүр..

Содан кейін тек қана,
Суретіңмен сөйлесіп,
Жүрегіме шоқ бола,
Бейнең ай мен теңесіп...

Қош деп те,айтпадың,
Сүйіп жүріп қайтқаның,
Құлағымда қонақтап,
Сенің сонда айтқаның...

Талай сезім таптадым,
Сендей сұлу таппадым.
Сезімді қолмен құлатып,
Жүрегімнен аттадың...

Сезім сөніп қараңғы,
Ғашықтығым тарады,
Сенің сұлбаң түсімде,
Қолын бұлғап барады..
 
Сай 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 779 | Рейтинг: 0.0/0