Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 22.07.2025

Ғашықтық вальс
Кеш еді, достарменен жиналған,
Ойнап күліп, өткен кезді еске алған.
Іш пыскандай,билеп жүрді қайналып,
Вальске де кезек келді айналып.

Сені көрдім,
самал желдің ысуынан таралған,
Сені көрдім,
көздеріңнен бір табиғат жаралған.
Тұсау болмай аяғыма ерік беп,
Жаным менің, өзіңе қарай айдалған.

Ұмтылды саған жүрегім, 
Құрсауыма бағынбай.
Өзгелер тіпті көрінбей,
Жер айналып қалғандай.

Баяу әуен, ұшырды айдың қасына,
Жұлдыздарда қоршап бізді айналған.
Шым оралған қолдарымыз гүлденіп,
Көздеріміз махаббатпен байланған.

Жүрегіңнің дүрсілі,
жанымды шығарып барады,
Көздерімнен, көздерімнен,
сезім тамшысы ағады.
Сезесіңбе, көресіңбе, көзімдегі жалынды?
Билеп жүрген жүрісім, саған ізін салады.

Үн қатайын құлағыңа, жәй ғана тербеліп,
Бұл вальсте ағаштай боп,самал желмен тербелдік.
Кештің сәні болғандаймыз, оған бәрі себепкер,
Билеп жүрген ғашықтарға, махаббаттық мән бердік. . .
 
Gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 801 | Рейтинг: 0.0/0