Алғашқы сезім!
Сегізінші сыныпта Бір қызға ғашық болдым да Жеткізе алмай сезімді Хат жазып әбден састым да. Хат жаздым-ау бірақ бере алмай Досыма да айта алмай Ақыры бердім хатымды Жауабын жүрдім күте алмай Қыз айтты маған күлімдеп Шығарып салшы бүгін деп Бұлқынған сезім тұншықты Не жауап айтар бүгін деп Шығарып салдым қызды мен Жауабын айтты сезіммен Сүйгенім бар менің деп Дос болшы сен менімен Деп айтқан соң жүрегім Су сепкендей басылды Алғашқы сезім оянған Ұзаққа бармай жабылды Әрине, дос боп жүрдік, әлі доспыз қашанда Бұрынғыдай сезім жоқ-ау пай-пай шіркін ол қызда Ал мен болсам бұрынғыдай ғашықпын деп айтамын Анда-санда телефонмен хабарлассам ол қызға. Тұрмыс құрып тойына да шақырды Жүрек әбден бұлқынғандай бақырды Үйде жаттым тойына мен бармастан Жіпсіз байлап қысып жаттым тақымды Сезім шіркін өшпейді шынында Қанша айлар өті міне жылың да Ұмытылмас ең алғашқы сезімің Қанша сезім оянса да жылына Ей, қыздар! Еркектердің дейсіңдер бәрі бірдей Бірақ олай емес қой соны білсей Ғашық болса еркектер де қиналады Тілін тістеп, айтуға да сөзі жетпей. Шералыұлы Берік, 04.02.2013 жыл
| |
| Просмотров: 832 | |