Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Сүйгеніме
Ия..
Сол бір кезде жайма шуақ көктем еді
Қыс ызғарын өзімен алып өткен еді
Суық,аяз,боранның барлығы да
Уақытылы кешікпей кеткен еді
Қуанып бар адамзат күлімдеді
Арайлы күн де нұрын төккен еді
Жайқалып бақта гүлдер,сайрап құстар
Осылайша ғажап көктем жеткен еді
Келгенде мамыр айы жүрегімді
Тап қылды ғой ғашықтық деген дертке мені
Бақытымды тапқандай қуанып едім
Алайда мен түсінбей ол адамды
Жолымыз екіге айырылып кеткен еді
Осылай жаз да өтіп сол бір жанмен
Көңілсіз күз бақытсыздық сепкен еді
Сол сатте көңілде мұң,жүрегім жараланып
Үлбіреген үміт жібі үзілген еді
Бірақ та пайда болып ол қайтадан
Келер деген ойменен сені күткен едім
Міне тағы көзім бүгін жетіп жатыр
Алмастырып кетіпсің ғой көпке мені
Енді маған қайтып келер ой болмаса
Ұмытуға тырысармын,сөкпе мені
Ал егер келем десең қарсы емеспін
Жақсы емес па әрбір істің ештен кеші
Бірақ та есіңде әрдайым сақтап қалшы
Өмір бойы адал да шын сүйем сені
Ал мен жүрегімде мәңгіге сақтап қалам
Деген атты НАЗЫМНЫҢ АСЛАНБЕГІ!
 

Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 738 | Рейтинг: 0.0/0