Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 24.07.2025

Ғашықпын
Сен үшін, ән жазамын , тек сен үшін
Сен үшін, өзгеремін, келсе күшім
Қаласан жүрегімді мен беремін,
Себебі, сенсін жаным тек сенерім
Ғашық болдым өзіннің, иманды жүрегіне
Өзіңсін санамда күнде ойлап, тілерімде
Қарамаймын түріне, жасын, білегіне,
Өзін ғана боласын ойымда, жүрегімде...
Сенесін бе? егер айтсам сенсін деп сүйеріме
Жарын болып қартайғанша жүрерім, тиеріме))
Ия, өзінсің сезесін оқып отырсан қазір...
Күлімдейсін, ризасын сен,енді бол бәріне әзір...
Намысты тастап қойып, сүйемін деп айтармын...
Жоғалтқым келмейді өзінді,осы айтарым...
Тәттімсің, томпағым, шекерім, менің жаным
Егер шын сүйер болсан, тек жаным саған тәнім
Ақылдым, ғашығымсың,мақтап айтар әнім
Сені сүйіп қалғанымды қайталадым,
Келеді шыққым сенімен шыңға, қырға...
Ұялмаймын айтуға сүйемін деп...
Бетіне емес, хат арқылы жазсам жырда...
Түсінші жылы қабылдағын жүрегімнен
Шыққан әнді, шын ниет тілегімнен
Айта берем қайталап ғашықпын деп,
Көруге шын өзінді асықтым көп...
Асығып жүрмін қашан көрер екем...
Сағыныш сезімімді сезерме екен?!
Деген оймен көңілін бөлерме екен?!
Дауысынды баладай естігім кеп
Уақыт өтіп көрмей сені сөнерме екем?
Ғашықпын, сен түсінші бір өзіне
Айту ғана қалды енді тік көзіне...
Батылым жетіп жатса, бойым жетсе
Жүгіріп келіп бетіннен сүйіп алам
Жарайды арға жағын жырламайын
Сүйгеніме көзін жетсе, сенімен қалам..))
 
Жұмағалиева Аяулым 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 849 | Рейтинг: 0.0/0