Ол
Арманымның аялы құшағында, Бір аруды ойладым сағындырған. Хақым жок мен оны сағынбауға, Күнде оны ойлаймын мен сондықтан. Ол-керемет,сондай ғажап қыз, Оған ғашық жігіттер болған сансыз. Мен ғашықпын бәрінен артық сүйем, Мен үшін әлемде жоқ дара жалғыз. Ол бар кезде бұл әлем құлпырады, Жүрегімді тылсым күшке толтырады. Оған деген сезімім өте күшті, Сол сезімді жоғалтпай жүрмін әлі. Ақылына көркі сай,мінезі де, Бәрі де сай жаралған бір өзіне. Махаббаттан сұрағаным осы еді, Тауып берді сол сұлуды жүрегіме. Алтыннан да,гауһардан да қымбат ол, Мен үшін таусылмайтын қазына мол. Сол аңсаған арманыма жету үшін, Таба алмай,іздеп жүрмін баратын жол. Өте қатты сүйемін мен жанымды, Өшірмеймін ол тұтатқан жалынды. Алтынменен мәңгі өшпестей есімі , Махаббатымның тарихына жазылды. Айдынбек Зинелқабдиев
| |
Просмотров: 810 | |