Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Жаным менің шын сүйемін өзіңді
Жаным менің шын сүйемін өзіңді,
Елестетем сағынғанда жүзіңді
Осы әніммен жеткізейін мен саған, мен саған
Жүректегі жалындаған сезімді.

Естен кетпес қызығы мол бал шақтар,
Жүрегіңде жақұт толы моншақ бар
Көздеріңе қарап бәрін ұғамын, ұғамын
Арманымыз тау шыңындай асқақтар.

Жанға жайлы Назым сенің қылығың,
Жүрегіңнің берші маған жылуын.
Бар арманым бірге көру өзіңмен,өзіңмен
Өмірдегі махаббаттың қызығын.
 
(Бұл өлеңді "Досыма" деп аталатын әннің музыкасына салып айтқан едім Назым атты ғашығыма. Шын жүректен шыққан әнді сіз де сүйіктіңізге айтып беріңіз, қуанып қалсын)
 
Ержан Нурмуханов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 1087 | Рейтинг: 0.0/0