Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Четверг, 24.07.2025

Елігім менің
Сен өзгенің бақыты серігіме едің.
Өзіңменен жолыққан сол бір шақта,
Баладай ғашық болып желігіп едім.

Әлі есімде
Өзің деп шаттық әнім.
Сені ойлап күні-түн жабыққаным.
Қинағаны мені кеп тамұқтан мұң.
Қайда болсаң бақытты бол сәулем деп.
Іштей ғана үн-түнсіз қамыққаным.

Әлі есімде
Қол жетпей жамалыңа.
Махаббаттан жиреніп жасығаным.
Жүректегі мұңымды жаспен жуып.
Тамшысымен нөсердің жасырғаным.
 
Жансейіт Дәулетов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 797 | Рейтинг: 0.0/0