Сені мәңгі ұмыту мүмкін емес
Сені мәңгі ұмыту мүмкін емес... (Блогтағы жазудан) Берген-ау Құдай сезімді сынап... Жанары болып көктемнің Жасымды көл ғып төккенмін, Самалы болып көк белдің Гүлдей ерніңнен өпкенмін – Әуелде Хақтан өзіңді сұрап!.. Жеңістерімнің ұлы туысың... Арылу керек уақыттан, Айығу керек бақыттан, Адасу керек бағыттан, Алжасу керек шабыттан – Мәңгілік сені ұмыту үшін!.. Адам асыққан сайын кешігеді... (Блогтағы жазудан) Махаббаттың ешқашан өлмесін ұқ, Жоғалармыз жай ғана көрге сіңіп. Жүрегімді жылытты-ау сөнбес үміт, Бақытымдай жолықтың сен кешігіп. Сен кешігіп жанғансың жұлдызымдай, Тұрмайтынын білсең де түн бұзылмай. Сен кешігіп жазылдың мұңды жырдай, Ақын болып кеттік қой сырды жырлай. Асыққаның – Ғашық халің!!! Асылбек Жаңбырбай
| |
Просмотров: 923 | |