Сүйемін сені
Күнім болып, гүлім болып, Аялашы мені. Айдай толып, әнің болып, Аймалайын сені. Өмірімнің мәні сенде, Жүрегімнің әні сенде. Мен сендікпін рас жаным, Қалсамдағы ағыл селде. Ұқшы жаным сырларымды, Тыңдашы жырларымды. Сен менің бақытымсың, Тапқандаймын сыңарымды. Келші жаным бақытым менің, Көктегі жақұтым менің. Сүйіп өтемін бір сені, Жаным менің. Аяулы арманым менің, Аңсаған бақытым менің. Жанымның жарығы бір сен, Жаным менің. Нұрғали Мырзахметов
| |
Просмотров: 1039 | |