Үндемейсің, мейлі жаным, үндемегін, үндеме
Үндемейсің, мейлі жаным, үндемегін, үндеме. Сондадағы ыстықсың сен нұрын шашқан күнненде. Сондадағы сұлусың сен бүрін ашқан гүлденде. Сенің көзің сұлу жаным жұлдыздардан көктегі. Қара аспанға сән беретін жымың қағып түндерде. Үндемейсің,мейлі жаным үндемегін,үндеме. Сағынышпен көз тастаймын бірге жүрген күндерге. Бақытты екем соны ұқтым тек сенімен жүргенде. Бақытты екем соны ұқтым сен жадырап күлгенде. Үндемейсің,шешімі жоқ жұмбақсың. Сонда да сен өмірімнен қымбатсың. Үндемегін,көздеріңе көздерім. ''Сүйем сені алтыным'',-деп үн қатсын. Жансейіт Дәулетов
| |
Просмотров: 866 | |