Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Жанымның қалауы
Сағындым жаным ,бейнеңді сенің сағындым.
Сағындым сені, кеудемде жатыр жалын мұң.
Қайдасың жаным , іздеймін сені жарығым.
Келсеңші жаным, күтеді жүрек өз жанын.


Өтуде уақыт,келмедің бірақ қасыма.
Келсеңші жаным күтемін сені асыға
Ынтықты жүрек іздеимін сені арманым.
Өртеніп барам өзіңе деген жалынға


Келсеңші жаным сұраймын сенен жалына
Келмедің бірақ,күтемін сені зарыға 
Күтемін сені келер деп алыс жақтардан.
Гүл үзіп мынау махаббат дейтін бақтадан.
 
Айдана 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 757 | Рейтинг: 0.0/0