Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Арқа аруы
Дер едім «бұл бір ұшқын»,
Ерінің үзген сырды.
Көркемін үн-дыбыстың
Маржан тіс сүзген сынды.

Пәк күлкің мұзын ертіп,
Аршыды көзден мұңды.
Қылығың жүз елітіп,
Сезбедім өз демімді.

Туғандай тап қазір күн,
Табылған сыңарсың сен!
Аппағым, нәп-нәзігім,
Періште шығарсың сен!

Ынтықтым, сәл құптадың,
Қалады шараң қандай?!
Бал тілден балқып тәнім,
Ғұмырлық нәр алғандай.

От сезім үдеді ме,
Артқандай шала құны?..
Орнықтың жүрегіме,
Арқаның ақ аруы!
 
Еркеғали 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 829 | Рейтинг: 0.0/0