МАХАББАТ ТЕРМЕСІ
Жиі соғып жүректерге, Жұмбақ болған, махаббат. Жан біткенді, мәңгі билеп, Тұрмақ болған, махаббат. Ие бермей, сезіміңе, Қарлық еткен, махаббат. Өзі таңдап, өзі қалап, Жарлық еткен, махаббат. Жете алмай, сүйгеніне, Зарлық көрген, махаббат. Шын болмысын, көрсетуді, Арлық көрген, махаббат. Қосыла алмай, сүйгеніне, Қорлық көрген, махаббат. Бірі сүйсе, бірі сүймей, Зорлық көрген, махаббат. Сый бере алмай, сүйгеніне, Тарлық көрген, махаббат. Мол ақшаның, жетегінде, Шалқып көрген, махаббат. Шыдамдының, жүйкесінде, Жұлқып көрген, махаббат. Ұлы адамдар, діңкесінде, Құртып келген, махаббат. Іштен тынып, тұншығумен, Мұңлық болған, махаббат. Кейде жүрек, үшеу болып, Сұмдық болған, махаббат. Өлтіруге, өз-өзіңді, Тартып көрген, махаббат. Ет жүрекке, тонна жүкті, Артып келген, махаббат. Он алтыңда, от сезімді, Шарпып өткен, махаббат. Өле-өлгенше,жүрегіңді, Жаншып өткен, махаббат. Жақсы достың, жағасында, Жыртып көрген, махаббат. Сеңді жас қып, жанарыңда, Іркіп көрген, махаббат. Бірге туған, бауырыңды, Жауластырған, махаббат. Қиалыңды, көктегі аймен, Жалғастырған, махаббат. Гүлге қонған, көбелекше, Ұшып кеткен, махаббат. Кәрі жасты, жас кәріні, Құшып өткен, махаббат. Сары уайым, сағынышпен, Өмірі өткен, махаббат. Ғашық жүрек, бар қызықтан, Жеріп өткен, махаббат. Дені сауды, сүзек қылып, Дел-сал еткен, махаббат. Бір күшпенен, бір нәзікті, Жар-жар еткен, махаббат. Асыл жүрек, алтын басты, Қор еткізген махаббат, Өміріңе, бір топасты, Зор еткізген, махаббат. Бар бейнетті, бір басыңа, Жинаттырған, махаббат. Өсек етіп, ел-жұртыңа, Шулаттырған, махаббат. Жақсы менен жаманыңды, Айыртпаған, махаббат. Күндіз күлкі, түнде ұйқы, Бұйыртпаған, махаббат. Көмейіңде, тұрған сөзді, Жорта айтпаған, махаббат. САНА менен СЕЗІМІҢДІ, Қартайтпаған, махаббат. Міне осындай, бір машақат, Адамға деген, махаббат. Жүректі тек, жайландырар, АЛЛАҺқа деген, махаббат. Ырысгүл
| |
Просмотров: 909 | |