Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Среда, 23.07.2025

Тізгіні сенде еркімнің
Әніңмен мені тербетіп
Лебізіңмен желпідің.
Ардақты менің аяулым,
Тізгіні сенде еркімнің.

Тізгіні сенде еркімнің.
Сәулесі сенде көркімнің.
Қуат күші тек менде
Сүйемін деген серпіннің.

Ағарып атса ақ таңым
Шат көңілмен шаттандым.
Жүректен шыққан сөзіңді,
Жүрекке жазып жаттадым.

Жымыңдап жұлдыз самсаған
Бізге қарап тамсанған.
Самалмен жолдап әнімді,
Әлемге жайып жар салам.
 
Куншайым.Ниязбекқызы.
Жатқанбаева 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 742 | Рейтинг: 0.0/0