МАХАББАТ МОНОЛОГЫ
Жиі соғып, жүректерге, Жақсы достың, жағасында, Жұмбақ болган, махаббат. Жыртып көрген, махаббат. Жан біткенді, мәңгі билеп, Сеңді жас қып, жанарыңа, Тұрмақ болған, махаббат. Іркіп көрген, махаббат. Ие бермей,сезіміңе, Бірге туған бауырыңды, Қарлық еткен, махаббат. Жауластырған, махаббат. Өзі таңдап, өзі қалап, Қиалыңды, көктегі аймен, Жарлық еткен, махаббат. Жалғастырған, махаббат. Жете алмай, сүйгеніне, Гүлге қонған, көбелекше, Зарлық көрген, махаббат. Ұшып өткен, махаббат. Шын болмысын көрсетуді, Кәрі жасты, жас кәріні, Арлық көрген, махаббат. Құшып өткен, махаббат. Қосылалмай сүйгеніне, Сары уайым, сағынышпен, Қорлық көрген, махаббат. Өмірі өткен, махаббат. Бірі сүйсе, бірі сүймей, Сүйген жүрек, бар қызықтан, Зорлық көрген, махаббат. Жеріп өткен, махаббат. Сый бере алмай, сүйгеніне, Дені сауды, сүзек қылып, Тарлық көрген, махаббат. Дел-сал еткен, махаббат. Мол ақшаның,жетегінде, Бір күш пенен, бір нәзікті, Шалқып көрген, махаббат. Жар-жар еткен, махаббат. Шыдамдының,жүйкесінде, Асыл жүрек, алтын басты, Жұлқып көрген, махаббат. Қор еткізген, махаббат, Ұлы адамдар, діңкесінде, Өміріңе, бір топасты, Құртып келген, махаббат. Зор еткізген, махаббат. Іштей тынып, тұншығумен, Бар бейнетті, бір басыңа, Мұңлық болған, махаббат. Жинаттырған, махаббат. Кейде жүрек,үшеу болып, Өсек қылып, ел-жұртыңа, Сұмдық болған, махаббат. Шулаттырған, махаббат. Өлтіруге, өз-өзіңді, Жақсы менен, жаманыңды, Тартып көрген, махаббат. Айыртпаған, махаббат. Ет жүрекке, тонна жүкті, Күндіз күлкі, түнде ұйқы, Артып көрген, махаббат. Бұйыртпаған, махаббат. Он алтыңда, от сезімді, Көмейіңде,тұрған сөзді, Шарпып өткен, махаббат. Жорта айтпаған, махаббат. Өле-өлгенше жүрегіңді, Сана менен, сезіміңді, Жаншып өткен, махаббат. Қартайтпаған, махаббат. Міне,осындай,бір машақат, Адамға деген, махаббат. Жүректі тек, жайландырар, Аллаһқа деген, махаббат! Ырысгүл
| |
Просмотров: 1908 | |