Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Ғашық жүрек
Кім ойлаған!, көрем - деп бір өзіңді,
Сағынып, жүргенімді кім сезеді.
Тағдырдың жазғанына бой ұсынып,
Кездестік, бір өзіңмен бұл күндері.

Кездексіп, ғашық болдым міне тағы,
Жүректе дүр сілкінді сезім бағы!
Ойғалып, жырға қоссам бір өзіңді,
Шабытым сөне – көрме жырла тағы!

Келбетің! кетпей тұрғой көз алдымнан,
Ақ маңдай, қиылған қас, шиелі ерін.
Сүйсініп! қарай бердім бір өзіңе,
Қайтемін – ғашық болып қалдым саған.

Келеді айта бергім, үш ауыз сөз,
Мағынасын түсінсең, өзің бір шеш!?
Жауабыңды берсең маған көзбе – көз,
Ұйқысыз, өтетіндей бүгінгі кеш!
 
ЖАСҰЛАН 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 732 | Рейтинг: 0.0/0