Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Алғашқы сезім
Бүгін мен бір қыз көрдім,
Қасы – көзі қиылған, қолаң шашты.
Қарай бердім, жанына баралмадым,
Бұлқынып, асау жүрек тулап жатты.

Білмеймін!, неге жүрек тулағанын, 
Тәтті арман жетегінде мен барамын.
Алып – ұшып жаныңа барғанымда,
Қайда жүрсің – дегендей, сен қарадың!

Күлімдеген көзіңмен қарап – тұрып,
Еріксіз!, жүрегімді жаулап алдың.
Іздеген бақытымды кезіктіріп,
Шаттыққа бөлену ғой аңсағаным!

Селтетпей!, қарадым жанарыңа,
Түскендеймін тұңғұйық қамалыңа!
Сірә, мендей бақытты жан болса егер,
Шығармекен махаббаттың заңғарына!

Қандай ғажап сезімнің арбауыда,
Қарсы жүздім, айдын көлдің толқынына!
Сезім шіркін!, осылай шалқығанда,
Төзімімде таусылар тағат барма!

Төзбеймін ғой!
Тұрмаймын ғой – осылайша,
Қалай ғана түстім мен қармағыңа.
Бұраң бел, сымбат мүсін - тұла бойың,
Тәңірім!, бар асылын сыйлағанба.

Сірә!, менің - бақытым өзің болып,
Қолыма бақ - құсының қонғаныма!?
Әсірелеп!, қайтемін - жырға қосып,
Қос аққудай жүрейік жарайдыма!?
 
ЖАСҰЛАН 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 870 | Рейтинг: 0.0/0