Жүрек сөзі
Қайырлы түн тіледім, Ойланып менде жүремін! Ұйықтап жатсам түсімде, Бір өзіңді көремін! Өткен сайын, әр түндер, Ынтықтырдың өзіңе! Сағыныштық сезімдер, Ғашық қылған өзіңе! Ойымда әр кез жүресің, Бойлатып жүрек дауасын! Махаббатым өзіңсің, Жанымда менің болғасын! Сүйем - деген сөзімді, Қабыл ал, нәзік жүрекке! Ғашықтық мынау сезімді, Арнадым жалғыз өзіңе! Сүйемін – деймін, мен саған, Арманым болып табылған! Ойымнан мәңгі кетпейтін, Ғашығым менің жайнаған! ЖАСҰЛАН
| |
Просмотров: 794 | |