Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 25.07.2025

Сағыныш
Жанымда өзің болғанда,
Бір сәттік бақыт қонғандай!
Алыста жаным жүргенде,
Сағынып көңілім толғандай!

Көңіл шіркін құлазып,
Бір сәтте, ойымнан шықпайсың!
Жүректе мәңгі өшпейтін,
Махаббатым болғайсың!

Қолыма алып қаламды,
Жыр жазам саған аяулым!
Сүйем деген сөзімді,
Өзіңе ғана арнаймын!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 731 | Рейтинг: 0.0/0