Айкерім
Махаббаттың жалынынан отырғам жоқ , мен асығып, Сезімнің бөлшегіне бөлінгем жоқ, мен шашылып. Тек өзіңді сағынамын, тек өзіңді іздеймін, Сағынған құштарлықты қалай басам білмеймін. АЙЫМ деймін, жанымда демім бар кезде, ЖАРЫҒЫМ деймін, жалғыз қалсам түнекте. Шынымды айтсам, саған бауыр басып қалыппын, Ойымда жоқ, сенсіз өмір сүрмекке. АЙКЕРІМ, айдай сұлу, шуақтанған бейнесін, Басып алдың Ғабиттің еріксіз кеудесін. Жүрекке әмір жүргізе алмадым, қайтейін, Көзді жұмып, журегімді өз қолыммен бергесін. Айкерім, болашаққа барсам деймін өзіңмен, Жылу алып сенің айдай деміңнен. Тыныштықты басымызға қондырып, Кетейікші, мына қала жерінен. Айтшы сен жалғыз сен деп сүйген жарым, Басылсын байғұс жүрек күйген жалын. Самал да, нұр да емес, толқын да емес, Жарың боп, тынсын тағы бір арманым Айкерім болашаққа барамыз деп , Өтейікші болашақта күлімдеп. Болашақтың толқынынан бірге өтіп , Отырсақ екен немере , шөберелеп. Gabit
| |
Просмотров: 720 | |