Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Айым
Кешке таман жалғыз өзім қалғанда,
Құштарлықпен өзің туралы жырлаймын.
Ойға батып құрғақ жерде тұрғанда,
Жүрек үнін, көзді жұмып тындаймын.

Шабыт шіркін, ұялатып өзіңді,
Үзе алмаймын Жарығым деген сөзімді.
Қаламныңда сиясы бітседағы,
Тырнағыммен жаза берем жүзіңді.

Кешкеғұрым айдың бейнесіне тамсанып,
Ай астында отырамын, ән салып.
Өзіңменен сөйлескендей боламын,
Көзді жұмып, жүрек үнін шығарып.

Шіркін ай, қасыңда болсам ғой мен,
Көргім келеді бейнеңді күлімдеген.
Естігімде келеді менің дағы,
Мәңгілікке сүйемін сені деген.

Ай астында бір бірімізге ант берсек,
Болады ғой мен үшін бір себеп.
Менімен болсаң мәңгіліке айым ау,
Қалай қарайсын, ұшып жүріп гүл терсек.

Сыбырлайды жүрегім тыныштықпен,
Өзіңді бұлтқа қарап ойлай ойлай.
Қиялға қия етіп көзімді тіккем,
Көкжиекке ұмтылған күнге қарай.
 
Gabit 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 919 | Рейтинг: 0.0/0