Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Сыр сандық
Тыңдаймын жүрегімді түнде ғана
Күндіз билік етер ақыл-сана
Сені ойлаймын жастыққа бас ұра сап, 
Неге сонша жабыстың маған ғана?!

Ойламауға тырысам, қайтем енді?
Сені маған қайтару мүмкін ба еді?
Хабарлассаң, назданып, қатая сап
Білмейм, сондай қаталдық керек па еді?

Сені сүйдім, қаттырақ қинап тұрып,
Сені ұнаттым, назданып, сынап тұрып
Жоғалтамын өзінше қырсық болып
Енді сені ойлаймын көзге жас ап.

Хақым жоқ! сендей жанды кінәлауға
Хақым жоқ! үнемі сені ойлауға
Хақым жоқ! армандауға, қиялдауға
Хақым жоқ! басқа жанды сүйе алуға.

Сен барсын, жүрегімнің түкпірінде
Жүресің,өмірімнің тізбегімен
Жалғыз қап, ойға сәт берілгенде
Жасайсың, жүрегімнің дүрсілімен.

Бетім күліп, жүзім жылы жүргенмен
Достарыммен асыр салып, күлгенмен
Ақтарайын сіздерге сыр сандықты
Ішімде бар, 
Ішімде бар, осындай сыр бүркенген.
 
Тәукебаева Гүлсім 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 922 | Рейтинг: 0.0/0