Қызғалдақтар қиырда құлпырады
Қызғалдақты талайлар жыр қылады, Кең даланы жұпарға толтырады, Көз жіберсең, шіркін-ай, қандай ғажап, Қызғалдақтар қиырда құлпырады. Қызғалдақтың далада жатыр әні, Тыңдай білсең, әсем саз үн тұрады. Қызыл, сары, ақ түсті қыр гүлдері – Қызғалдақтар қиырда құлпырады. Қыр гүлінен тарайды күн шуағы, Қыз сырындай кейде бір мұң тұрады. Қыздың күйін кешетін әдемі бір, Қызғалдақтар қиырда құлпырады. Көктем сәні – қызғалдақ – гүл шырағы, Гүл теруге қыз тобы ынтығады. Тездетіңдер, сұлулар,қызғалдақтар, Тек көктемде жайқалып, құлпырады. Жадыра
| |
Просмотров: 977 | |