Қиялдағы аруға
Қош айтқалы бақытты өміріммен, Сырлас болдым қараңғы түндерменен. Жүрегіме айықпастай жара түсті, Кім бар екен дем беретін нәзік үнмен? Жоғалтып-ап бақытымды сол бір күні, Дос еттім мен қайдағы бір қайғы-мұңды. Жараланған жүрегіме жылу берер, Қайда екен сол ару нәзік үнді? Тауып алсам қиялдағы сол аруды, Ақтарар-ем кеудемдегі асыл сырды. Әлдилер-ем бөлеп алып таң нұрына, Төгіп-төгіп әлемдегі ән мен жырды... Исмаил Тұрметов
| |
Просмотров: 697 | |