Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 10.04.2026

Сағыныш
Мен сізге жыр арнап сағыныштан,
Телміріп жолыңызға қарайлаймын.
Желпініп күз келгенде мендік жүрек,
Бүркеніп көңіліме үрлейді арман.

Кеудемдегі мұңымды сіміреді,
Естелік өткен күннен қалған талай.
Жүрегімді малып алдым сезімге мен,
Сағынышпен ұштасарын аңғармай.

Сіз қалдырған сағыныш кептерлерін,
Ұшыра алмай кектеніп, әурелендім.
Неліктен сары күзбен қалдырдыңыз,
Бір кезде жүрегіме қонған Көктем?
 
Moldir 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (30.12.2013)
Просмотров: 807 | Рейтинг: 0.0/0