Сағыныш сағымы
Қазіргі сырымыз аяулы, Ғашықтық борышты өтей ме?.. Алғашқы махаббат баяны, Әлі де сайрап тұр көкейде. «Неге бұл жол бізді тосты?..»,- деп, Ойлаймын күнімен, түнімен. Лүпілі үндескен қос жүрек, Жалған-ай, жаңылды үнінен! Бозбала, бойжеткен шағымыз – Ең тәтті, бақытты елес пе? Арманға ілесіп тағы біз, Аспадық белестен белеске. Салынып бос әуре-сарсаңға, Күдерді үзбеуім – бекер шын. Бетпе-бет жүздесіп қалсаң да, Сағыныш сағымы екенсің! Еркеғали Бейсенов
| |
Просмотров: 850 | |