Сүю деген
Періштесің бе, жұмбақсыңба сен неткен? Сүйген жаның бір сәтте құл еткен. Жүрегіңде бір сыр қалса жасырын, Сезімдерің алаңдаумен дір еткен. Сүйе қалса жүрегіңе гүл еккен, Алып шығар тұңғиықты түнектен. Құлай сүйіп қалса егер өзіңді, Сезімдерін саған арнап түнеткен. Сүю қйын, айтыңдаршы бұл неткен, Кейде бақыт кейде мұңдар жүдеткен. Шегі де жоқ шеті де жоқ сүюдің, Сүю деген өмір кешу үмітпен. Нұрғали Мырзахметов
| |
Просмотров: 875 | |