Сен аман бол тентегім
Сен аман бол менің халымды білмедің, Тағдырым солай енді қалай жөндермін. Саған деген махаббатымның пәк сезімін, Жүректегі жырым арқылы тек білдіремін. Естимісің жүрегімнің мұң-зарын, Жетпеді ау саған мұңлы жырларым. Түсінбедің менің жұмбақ жанымды, Сен деп жүректің мәңгілік қиналғанын. Жырларымда ағылды – ау саған қарай, Сен құрған тосқауылға да қарамай. Еркелейсің кей-кездері күлімсіреп, Ал бірде енді ашуың кетер басылмай. Ойладың ау қияли деп сен мені, Жаралы жанмын жүрегім саған тәуелді. Өмірім осылай тентегім менің мәңгі, Айықпас ғашық дертіне түстім себебі. Осылай боларын әу баста мен сезгенмін, Өз жаныма бөтенмін бүгін өзгемін. Жүрегімде қалар сенің ғажап көркің, Сенде қалсын менің асыл сөздерім. Менен алыс тым ұзаққа кетсең де, Мейлі жаным басқаны бақытты етсең де, Мені ұмытпа саған мәңгі ғашық жанды, Ұмытпа сен сақта мені жүрегіңе, Ал мен сені сүйіп өтем бұл өмірде. Серик Байсеитов
| |
Просмотров: 842 | |