Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 26.07.2025

Тағдырым болдың ба сен маған қатал
Тағдырым болдың ба сен маған қатал,
Сені ойлаумен күнім батып таңым атар.
Басқа жанмен қол ұстасып жүрсең-дағы,
Бұл өмірде болғанымба жаным осал.

Шыдайын,шыдаймында сабырменен,
Жүрсеңде сен ғашығым өзгеменен.
Жүрекке әмір жүрмейді депті жаралылар,
Өзгеден көрмегенді сенен көрем.

Сағыныштан жаралғандай мына әуен,
Кеудемді жандырды ғой сенің бейнең.
Бақытты бол өмірде деп тіледім,
Өлеңменен жолдаймын саған сәлем.
 
Тәуіржан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 800 | Рейтинг: 0.0/0