Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Өмiрдiң өзi қыс,көктем,жаз бен күздеген
Өмiрдiң өзi қыс,көктем,жаз бен күздеген.
Бiз бiр жолаушы сарылып бақыт iздеген.
Гүлдерiң солып,көкте күн сөнiп қалсада.
Жөн болар жаным Алладан үмiт үзбеген.

Келседе жаным тағдырдың қанша сынағы.
Сөнгендей болып тұрсада көңiл шырағы.
Көтерiп басты,көрсетпей жасты козiңнен.
Жолдас ет дәйiм жаныңа төзiм шыдамды.

Қашанғы дауыл соғады дейсiң дамылсыз.
Болмайды өмiр қарсыз,борансыз,жауынсыз.
Сейiлiп тұман,күлiмдер кунiң әлi-ақ.
Жүрермiз сонда жаздайын жаным жадырап.

Өмiрдiң мынау алуан жолы алуан.
"Ах" ұрып жылап,нешеме жандар сабылған.
Жiгерлен жаным,
Өмiрiң,бағың бәрi алда.
Өйткенi сенiң жаныңнан өзiм табылам!
 
Жансейіт Дәулетов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 800 | Рейтинг: 0.0/0