Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

АЙ СӘУЛЕСІ АСТЫНДА
Мақпал түн...
Сен екеуміз бір бөлмеде,
Ай сәулесі көрінеді терезеде,
Махаббаттың шарабына мас болып,
Ләззат бағын араладық тар төсекте.
Ғажайып күй...
Ерік беріп алаулаған сезімге,
Таңба бастым сенің ыстық жеріңе.
Тал мүсінің қорғасындай балқыды,
Жас тамшысы ұялады көзіңде.
О, құштарлық...
Жата бергім келеді құшағыңда,
Тойған кім бар махаббаттың құмарына?
Найзағайдың ұрғаны да жете алмас,
Сен сыйлаған ләззаттың қуатына.
Бал сезім...
Жүректегі айтатын жетпей сөзім,
Тал шыбықтай денеңе құс боп қондым.
Сен меніңкі, мен сеніңкі дегенімде,
Болып қойған тағдырыңа үнсіз көндің.
 
Раймов Ермек 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 759 | Рейтинг: 0.0/0