Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 11.02.2025

Жүрегім,жас жүрегім...
Көктемде жер көгеріп, таң ерте нұр шаша бастағанда,
Сенің даусын телефон ар жағынан 
Менің мұздай жүрегімді қайта ерітіп
Жүрегіме өмір сыйлап, жүзіме нұр берді...
Қандай керемет ең қәзіргі заман,
Қашықтықтан қор болған
Жүректерді жылаған сағыныштан,
Бір мезетте желіге қоса алатын.
Сол сәтте қайта жалындап, ақылыма бой бермей
Бала кезде өшіп қалған махаббат...
Енді сенсіз күнім жоқ деді көнбей.
Жүрегім, қайран жүрегім...
Ақылды тындағаның жөн еді
Бұлайша түнеріп, қайта келмес бақытты жаз сыйлаған
еске алғанша қыс бойы жүрек жылатып...
Жүрегім, қайран жүрегім
Нен бар еді сонша балалыққа салынып
Арман қуып, сүйгеніме жетем деп,
Жас балаша кеттін асып, асқақтап.
Білмедінғой тағдырдын не жазғанын
Ол кетті білім іздеп Астанадан
Мен кеттім Алматыға арманыммен
Үміт артып қыс мезгілде көремдеп сені қайта Атырауда.
Бірақ сені көре алмадым жанымнан
Жанымнан емес тіпті көре алмадым қашықтан.
Ақырында зар болдым сенің даусынға 
Жүрегім менің, жүрегім қайран жылаған.
Нен бар еді сонша асқақтап кетіп,жалындап,
Түсіне алмаймын неге енді мұң кешесін 
Есіңге ала беріп адамды сенен бас тартқан
Жүрегім,жас жүрегім
Жараландын сен ерте.
 
Зухра 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (31.12.2013)
Просмотров: 824 | Рейтинг: 0.0/0